Маман: Суррогат ананың қызметіне кәдімгі жұмыс ретінде қарау керек

Маман: Суррогат ананың қызметіне кәдімгі жұмыс ретінде қарау керек

Маман Суррогат ананың қызметіне кәдімгі жұмыс ретінде қарау керек - Kenguru (1)

Суррогат ана деген кім? Адамдар қандай жағдайда бұл қызметке жүгінеді? Суррогат ана болғысы келетіндерге қандай талап қойылады? Ақысы қанша? «Кенгуру» суррогат ана агенттігінің директоры Анна Вовк осы және басқа сұрақтарға жауап берді.

Суррогат ана қызметіне кімдер жүгінеді?

Көп жағдайда суррогат ана қызметі құпия процесс болғандықтан нақты қанша адам бұл көмек түріне жүгінетінін айта алмаймыз. Бірақ күнделікті тәжірибеден суррогат анаға зәру жанның көп екенін байқаймыз. Себебі қазіргі кезде жатырдың болмауы, эндометрия (жатырдың ішкі шырышты қабығы — ред.) сапасының нашар болуы секілді түрлі себеппен бала сүйе алмайтын әйелдер бар. Денсаулығы кінәрәтты немесе жүктілікке ағзасы шыдас бермейтін, бала көтеруге мүмкіндігі жоқ адам суррогат ананы іздеп келеді. Алайда «дене бітімімді бұзып аламын, сол үшін бала көтергім келмейді» дегенді естімедік.

Суррогат ана деген кім және оған қандай талаптар қойылады?

Суррогат ана — өзгенің баласын 9 айы бойы құрсағында көтеріп, босанатын әйел. Жүктілік процесі ЭКО процедурасы арқылы жүзеге асады. Яғни биологиялық ананың жұмыртқасы мен әкесінің ұрығы будандастырылып, эмбрион жасалады. Сол эмбрион 5 күн ішінде суррогат ана жатырына салынады.

20-35 жас аралығындағы әйелдер суррогат ана бола алады. Неғұрлым жас болса, соғұрлым жақсы. Себебі заң жүзінде 31 жастағы қыз-келіншекке суррогат ана атануға рұқсат болса да, медициналық жағынан жүктілік кезеңі қиын өтуі мүмкін. Сонымен бірге ол әйел бұған дейін табиғи жолмен кемінде бір бала босанған болуы қажет. Себебі суррогат ананың тәжірибесі болмаса, түрлі күтпеген жағдайға тап болуы ықтимал. Сондықтан жүктілік пен босану кезін жеңіл өткізетін әйел суррогат ана болғаны дұрыс. Кесар тілігі арқылы босанған, қан факторы теріс қыз-келіншектерге рұқсат етілмейді.

Маман Суррогат ананың қызметіне кәдімгі жұмыс ретінде қарау керек - Kenguru (2)

Талаптар мұнымен шектелмейді. Үміткердің денсаулығы толық тексеріледі, түрлі анализ тапсырылады. Кейде суррогат ана атанудан үміткер әйел жоғары талаптарға сай болуы мүмкін, бірақ анализ нәтижесінде сифилис сияқты инфекциялардың бар екенін анықтап жатамыз. Денсаулығынан кінәрат табылса, әуелі оны емдеуге тырысамыз. Дәрі-дәрмек, антибиотик жазып береміз. Емдеуге келмейтін болса, бірден бас тартамыз. Бір сөзбен айтқанда, суррогат ананың денсаулығы мінсіз болуы қажет.

Одан бөлек суррогат ананың психология жағдайын да тексереміз. Кейде, тіпті, өтірікті анықтайтын детекторды қолданамыз. Психолог маман қыздың эмоционал күйіне, қаншалық адекват адам екеніне баса мән береді. Шешімінің қаншалық жауапты екенін түсіне ме, жоқ па, соны бақылаймыз. Себебі, ол жүктілік кезінде күйзеліске түсіп, баладан бас тартып, айнып қалмауға тиіс.

Бірде бір биологиялық ата-ана хабарласты. Суррогат ана көмегіне жүгінген екен. Жүктіліктің төртінші айында суррогат ананың шешесі хабарласып, шу шығарыпты. Өкінішке қарай, ол суррогат ананы біздің агенттік тауып бермеген соң, мәселеге араласа алмадық. Сол себепті мүмкіндік болса, психолог суррогат ана болуға үміткердің отбасымен, жұбайымен тілдеседі. Отбасындағы жағдай жүкті әйелге қатты әсер етеді. Бұл — бір. Екіншіден, әйелдің суррогат ана болуға қаншалық дайын екенін, алда қандай тәуекел күтіп тұрғанын қаншалық түсінетінін психолог жақын адамдарынан сұрастырып біледі.

* * *

Дерек: 1998 жылы Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» заң қабылданды. Заң қосымша репродукциялы технологиялар әдісін пайдалану құқығын берді. 1999 жылы Адам репродукциясы орталығында суррогат ананың бірінші бағдарламасы жүргізілді. 2004 жылы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» заң шықты. 2009 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жарық көрді. Бұл құжаттарда суррогат ананың құқықтық негізі баяндалады. 

* * *

9 ай бойы суррогат ана күтімімен кім айналысады?

Ең әуелі суррогат ана қандай қадамға бара жатқанын нақты түсінуі керек. Оған жұмыс ретінде қарап, құрсағындағы баланың өзіне тиесілі емес екенін ұғынуы қажет.

Әрине, өз баласына жүкті кезде дәрі ішуді ұмытып кете ме, дәрігерге бүгін емес, ертең бара ма, бір стақан шарап іше ме — өз еркі. Бірақ суррогат ана болу — үлкен жауапкершілік.

Негізі 9 ай бойы жүкті әйел күтімімен биологиялық ата-ана айналысады. Оның кейбірі суррогат ананың жұмыс істемей, үйде тынығып жатқанын қалайды. Тіпті жақсы жағдайда босануы үшін басқа қалаға немесе шетелге алып кететіндер де бар. Ал суррогат ананың кейбірі күнделікті өмір сүру режимін бұзғысы келмейді. Бұрынғыдай жақындарымен қыдырып, жұмысқа барып жүрсем дейді. Мұндай кезде бір мәмілеге келе алатын биологиялық ата-ана мен суррогат ананы байланыстырамыз.

Суррогат анаға жеңіл дене жұмысын істеуге болады. Ай-күні жеткенде денсаулығын оңалту үшін 45 күн демалыс ала алады, бірақ декретке шықпайды. Жүкті әйелге алыс сапарға аттануға болмайды. Бұл — оның әр қадамын аңдып отыру үшін емес, кенет бір жағдай болса, дәрігерлер мен ата-ана көмек бере алуы үшін қолданатылатын шара. Әрине, шұғыл жағдай болса, биологиялық ата-анаға ескертіп кетуі қажет. Сонымен бірге 9 ай бойы жыныстық қатынасқа түспеуге кеңес береміз.

Биологиялық ата-ананың күтіммен айналысуға уақыты болмаса немесе арада кикілжің туса, біз сияқты арнайы орталықтың көмегіне жүгіне алады. Мысалы, біздің орталық күтімнің екі түрін ұсынамыз: қарапайым патронаж және пансионат. Екеуі де ақылы.

Қарапайым патронажда суррогат ананың жеке кураторы болады. Ол адам жүкті әйелге күнделікті хабарласып жағдайын біліп отырады, дәрігерге бару керек кезді, дәрі-дәрмек ішу уақытын ескертеді. Суррогат ананы арнайы жүргізуші көлікпен ауруханаға апарып, алып кетеді. Бұл — күтімнің қарапайым түрі.

Ал екіншісі — пансионат. Біздің орталықтың Алматының шетінде, экология таза жерде арнайы пансионаты бар. Онда 9 ай бойы суррогат аналарға тұруға болады. Қызметкерлер тамағын әзірлеп, кірін жуып, бөлмесін тазалап береді. Арт-терапия мен кітапхана бар. Пандемияға дейін жүкті әйелдерді сергіту үшін музей, концерттерге апаратынбыз. Суррогат ана қаласа, қал-жағдайын білуге туысқандары да келе алады.

Кей қыз өзінің жүкті екенін  туыстарынан,  көршілерінен  жасырғысы келеді.  Оларға  пансионат  ыңғайлы.

Түсік болса, кім кінәлі?

Түсік кез келген әйелде болуы мүмкін. Оны ешкім алдын-ала болжай алмайды. Сол себепті оған ешкім кінәлі емес. Дегенмен түсіктің себебін анықтау үшін медициналық сараптама жасалады. Нәтижесінде суррогат ананың ішімдік, темекі, наша сияқты тыйым салынған зат қабылдағаны анықталса, оған айыппұл салынады. Ал алдын-алу мүмкін емес жағдай болса, онда екі тарап бейбіт түрде келесі процедураға дейін немесе біржола тарқасады. Суррогат анаға түсікке дейін берілген ақша қайтарылмайды.

Суррогат ананың ұлты, бет-әлпеті қаншалық маңызды?

Суррогат ананы таңдау кезінде ата-ана көбіне оның денсаулығы мен жасына мән береді.

Мынадай да дүние бар. Кей әйелде жұмыртқа жасушасы бөлінбейді. Сондықтан ондай жандар жұмыртқа жасушасын өзге қыз-келіншектерден сатып алып, өз жолдасының ұрығымен будандастырып, эмбрион жасап, суррогат ана қызметіне жүгінеді. Ал жұмыртқа жасушасы — генетикалық материал. Яғни оны берген әйелдің бойындағы белгілер балаға өтуі мүмкін. Сол себепті ата-ана ұлты, көзі, шашы, қан тобы өзіне ұқсайтын адамды іздеуге тырысады.

Мысалы, Қазақстандағы ұлты қытай биологиялық ата-ана жұмыртқа жасушасын сататын қытай әйелді іздейді. Әрине, біздің елде ондай қызды табу қиын, бірақ мүмкін емес деп айта алмаймыз. Жалпы, барлық жағынан сай келетін суррогат ана табуға көп дегенде бір ай кетеді.

Әйелдер не себепті суррогат ана болғысы келеді?

Суррогат ана болуға ниет білдірген қыз-келіншектің барлығының себебі бір деп айта аламын. Ол — материалдық жағдай. Бірі бала-шағасын асырай алмай жатады, екіншісі ипотекасын төлей алмайды. Барлық мәселе ақшаға келіп тіреледі. Қазір біздің базамызда 150 әйел суррогат ана болуға кезекте тұр.

Маман Суррогат ананың қызметіне кәдімгі жұмыс ретінде қарау керек - Kenguru (3)

Суррогат ана қызметі қанша тұрады?

Жалпы суррогат ананың қызметін кәдімгі жұмыс ретінде санау керек. Оны биологиялық ата-ана да, суррогат ана да түсінуі қажет. Жүкті әйелдің 9 ай бойы және босанғаннан кейінгі екі айдағы күтімі, дәрі-дәрмегі, анализі — бәрін биологиялық ата-ана төлейді. Сонымен бірге ай сайын 100-150 мың теңге аударып отырады. Босанған күні суррогат анаға 4-5 миллион теңге беріледі. Ал жұмыртқа жасушасын сатқан қыздарға шамамен 200-350 мың теңге төленеді.

Заң не дейді?

Суррогат ана мен биологиялық ата-ана әу баста заң жүзінде келісімге келеді. Сол себепті босану күнінде жүкті әйел баладан бас тарту секілді қолхатқа қол қоймайды. Ауруханаға келген сәтте дәрігерлер құжаттарға қарап, суррогат ана екенін түсінеді. Босанған соң баланы суррогат анаға көрсетпей, бірден көрші палатада жатқан анасына апарып береді. Перзентханадағы құжаттарға да тапсырыс берген әйелдің есімі баланың анасы ретінде тіркеледі. Суррогат ана баланы беруге міндетті. Баланы өзіне алып қалуға тырысса, қылмыстық іс қозғалады.

Бұл қызмет туралы толық хабардар емес, үстірт қарайтын адамдар ғана суррогат аналар туралы жағымсыз пікір айтады. Тіпті, кейбірі «Олар өз баласын біреуге сатып жатыр» деп ойлайды екен. Суррогат ана өзіне жасанды түрде салынған өзге біреудің баласын көтеріп жүреді. Оны 9 ай бойы аялап, күтіп, жақсы көреді. Бірақ босанған соң өз ата-анасына тапсырып, сол отбасыға бақыт сыйлайды.

Источник: baribar.kz

Хорошие люди должны размножаться :)

    Контактная форма

    Как происходит процесс донорства? 

    Какие основные требования к суррогатным матерям?  

    Как происходит суррогатного материнства?

    Суррогатная мать – это женщина, которая вынашивает в своей утробе чужого ребенка в течение 9 месяцев и рожает. Процесс оплодотворения осуществляется посредством процедуры ЭКО. То есть яйцеклетка биологической матери оплодотворяется сперматозоидами отца в лабораторных условиях. Получившийся в результате эмбрион переносят в полость матки суррогатной матери в течение 5 дней. 

    Основные требования к донорам ооцитов 

    Открыть чат
    1
    Здравствуйте!
    Чем Вам помочь?